Ғ
PDF

«Наука рождается там, где есть доверие и свобода поиска. Там, где поощряются смелые идеи, развивается честная конкуренция, формируются сильные научные школы и сохраняется уважение к самой природе знания.»

Новая Конституция Республики Казахстан, принятая на республиканском референдуме 15 марта 2026 года, впервые закрепила науку и инновации как стратегические направления деятельности государства и гарантировала свободу научного и технического творчества. Это исторический шаг и новая веха в развитии отечественной науки. Он означает её переход от вспомогательной сферы к одному из оснований государственной политики, экономического развития и интеллектуального суверенитета Казахстана.

Наука во все времена была одним из главных источников развития общества: экономического роста, технологического прогресса, национальной конкурентоспособности и интеллектуальной безопасности, способности государства самостоятельно отвечать на вызовы времени. Результаты научного труда служат не только сегодняшнему дню — ими пользуются поколения. Глава государства неоднократно подчеркивал, что без сильной науки у страны нет будущего. Поэтому перед учеными Казахстана стоит особая ответственность за объективное осмысление прошлого, развитие настоящего и создание будущего страны.

Но мы должны сказать ясно: наука не рождается из одних требований к эффективности. Она не возникает в атмосфере постоянного административного подозрения, страха перед проверками, в гонке за показателями, формальными индикаторами или в ожидании немедленной коммерческой отдачи. Наука рождается там, где есть доверие и свобода поиска. Там, где поощряются смелые идеи, развивается честная конкуренция, формируются сильные научные школы и сохраняется уважение к самой природе знания.

Казахстан стоит перед выбором: построить экономику знаний или ограничиться экономикой отчётности.

Мы можем создать систему, которая ищет повод отказать, отсечь, проверить, наказать и формально закрыть процесс. Или можем выбрать другую систему, которая ищет способ вырастить идею: от нового знания до технологии прогресса. Этот выбор определит не только будущее развития науки. Он определит качество государства, зрелость общества и интеллектуальный суверенитет страны.

Избыточная бюрократия — это налог на прогресс. Когда этот налог становится обременительным, наука перестаёт производить знание, отчётность становится ее главным результатом, а исследование превращается в имитацию.

Когда публикационный показатель становится самоцелью, научное знание рискует превратиться в побочный продукт административной гонки. Когда фокус научной системы смещается преимущественно на краткосрочную коммерческую отдачу, ослабевают условия для создания знаний и технологий, определяющих будущее. Когда контроль строится на недоверии к научному сообществу, честный учёный вынужден думать не о научной проблеме, а о неизбежной проверке.

Мы не выступаем против эффективности, коммерциализации, оценки, контроля и ответственности. Мы утверждаем другое: всё это должно служить науке, а не подменять её.

Наука способна порождать технологии и продукты, быть драйвером экономического роста. Но она не существует исключительно ради них. Её предназначение шире: искать истину, расширять понимание мира, создавать культуру мышления и основания будущего развития человечества. Даже в условиях растущего запроса на прикладной результат научная политика не должна сводить науку к роли обслуживания экономики и оценивать её только через быстрый продукт, внедрение или вклад в краткосрочный рост. Экономический эффект — важное следствие сильной, свободной и ответственной науки, но не её высший смысл.

Наука нуждается в оценке результатов, но показатели должны быть инструментом понимания качества исследования, а не самоцелью научной деятельности. Государство, не развивающее собственную науку, технологии и интеллектуальные школы, неизбежно зависит от чужих решений и чужих сценариев развития. Казахстан не должен импортировать будущее. Он должен создавать его сам: через сильную науку, инженерные компетенции, инновации и подготовку нового поколения исследователей.

«Ғылым сенім мен ізденіс еркіндігі бар жерде туады. Батыл идеялар қолдау тауып, әділ бәсеке дамып, мықты ғылыми мектептер қалыптасып, білімнің өз табиғатына деген құрмет сақталған жерде ғылым өркендейді.»

2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы ғылым мен инновацияны мемлекет қызметінің стратегиялық бағыттары ретінде алғаш рет бекітіп, ғылыми және техникалық шығармашылық еркіндігіне кепілдік берді. Бұл тарихи қадам және отандық ғылым дамуының жаңа белесі. Ол ғылымның бұдан былай қосалқы сала емес, мемлекеттік саясаттың, экономикалық дамудың және Қазақстанның зияткерлік егемендігінің негізгі тіректерінің біріне айналғанын білдіреді.

Ғылым қай дәуірде де қоғам дамуының басты қайнар көздерінің бірі болды. Ол экономикалық өсімнің, технологиялық ілгерілеудің, ұлттық бәсекеге қабілеттіліктің, зияткерлік қауіпсіздіктің және мемлекеттің заманауи сын-қатерлерге жауап беру қабілетінің іргетасы. Ғылыми еңбектің нәтижелері тек бүгінгі күнге қызмет етпейді, оның игілігін бірнеше ұрпақ көреді. Мемлекет басшысы мықты ғылымсыз елдің болашағы жоқ екенін бірнеше рет атап өтті. Сондықтан Қазақстан ғалымдарының алдында елдің өткенін объективті зерделеу, бүгінін дамыту және болашағын жасау жолында айрықша жауапкершілік тұр.

Біз ғылымның тек тиімділік талаптарынан туындамайтынын ашық айтуымыз керек. Ол тұрақты әкімшілік күдік пен шамадан тыс қысым жағдайында, тексерістен қорқу, көрсеткіштер мен формалды индикаторларды қуалау немесе жедел коммерциялық қайтарым күту арқылы пайда болмайды. Ғылым сенім мен ізденіс еркіндігі бар жерде туады. Ғылым батыл идеялар қолдау тапқан, әділ бәсеке дамыған, мықты ғылыми мектептер қалыптасып жатқан және білімге құрмет көрсетілген ортада ғана өркендей алады.

Қазақстан бүгін таңдаудың алдында тұр: білім экономикасын құру маңызды ма, әлде есептілік экономикасымен шектеліп қалу ма?

Біз бірден кері қайтару үшін сылтау іздейтін, идеяны бесігінде тұншықтыратын, қайта-қайта тексеріс астына алатын, үдерісті формалды түрде жабуға бейім жүйені құра аламыз. Немесе бізде басқа жолды таңдауға мүмкіндік бар. Ол идеяны жаңа білімнен прогресс технологиясына дейін өсіретін жүйені құру. Бұл таңдау тек ғылымның болашағын ғана айқындамайды. Ол мемлекеттің даму сапасын, қоғамның кемелдігін және елдің зияткерлік егемендігін анықтайды.

Шектен тыс бюрократия — прогреске салынған салық. Бұл салық ауыр жүкке айналған кезде ғылым білім қалыптастыруды тоқтатып, есептілік оның басты нәтижесіне, ал зерттеу шынайы ізденістен гөрі көзбояушылыққа айналады.

Жарияланым көрсеткіші басты мақсатқа айналғанда, білім әкімшілік жарыстың жанама өніміне айналу қаупіне ұшырайды. Ғылым қысқа мерзімді коммерциялық қайтарымға бағынышты болған сайын, болашақты жасайтын білім мен технологиялардың қалыптасуына негіз болатын орта әлсірейді. Бақылау ғылыми қауымдастыққа сенімсіздік таныту негізінде құрылған жағдайда, адал ғалым ғылыми мәселені емес, алда міндетті түрде болатын тексерісті ойлауға мәжбүр.

Біз тиімділікке, коммерцияландыруға, бағалау, бақылау мен жауапкершілікке қарсы емеспіз. Біздің айтпағымыз басқа: мұның бәрі ғылымға қызмет етіп, оның орнын баспауы тиіс.

Ғылым технологиялар мен өнімдерді дүниеге әкелуге, экономикалық өрлеудің драйвері болуға қабілетті. Бірақ оның түпкі мәні тек осы мақсаттармен ғана шектелмейді. Ғылымның миссиясы әлдеқайда ауқымды: ақиқатты іздеу, әлемді тану көжиегін кеңейту, ойлау мәдениетін қалыптастыру және адамзаттың болашақ дамуының негізін қалау. Қолданбалы нәтижелерге деген сұраныс артқан заманда да, ғылыми саясат ғылымды тек экономикаға қызмет көрсетуші деңгейіне түсіріп, оны тек жедел алынатын өнім, ендіру көрсеткіштері немесе қысқа мерзімді өсімге қосқан үлесі арқылы ғана бағаламауы тиіс. Экономикалық тиімділік — мықты, еркін әрі жауапты ғылымның маңызды нәтижесі, бірақ оның ең жоғары мұраты емес.

Ғылым нәтижелерді бағалауды қажет етеді. Бірақ көрсеткіштер ғылыми қызметтің өзіндік мақсатына емес, зерттеу сапасын түсінудің құралына айналуы керек. Өз ғылымын, технологиясын және зияткерлік мектептерін дамытпайтын мемлекет ерте ме, кеш пе өзгенің шешімдері мен даму сценарийлеріне тәуелді болады. Қазақстан болашақты сырттан импорттамауы тиіс. Ол оны мықты ғылым, инженерлік құзыреттер, инновациялар және зерттеушілердің жаңа буынын даярлау арқылы өзі жасауы шарт.

ЦЕННОСТЬ 01

Мы признаём важность процедур, но ставим людей, идеи и научные школы выше бюрократического процесса.

ЦЕННОСТЬ 02

Мы признаём важность отчётности, но исходим из того, что ценность науки определяется прежде всего новым знанием, а не качеством заполнения форм.

ЦЕННОСТЬ 03

Мы признаём важность публикаций, но ставим содержание исследования выше формального показателя.

ЦЕННОСТЬ 04

Мы признаём важность коммерциализации, но ставим долгосрочное производство знания выше немедленной выгоды.

ЦЕННОСТЬ 05

Мы признаём важность контроля, но ставим доверие и ответственность выше презумпции подозрения.

ЦЕННОСТЬ 06

Мы признаём важность конкурсного отбора, но ставим взращивание сильных идей выше механического отсечения.

ЦЕННОСТЬ 07

Мы признаём важность международных стандартов, но ставим субъектное участие в мировой науке выше автоматического копирования чужих моделей.

ҚҰНДЫЛЫҚ 01

Біз рәсімдердің маңызын мойындаймыз, алайда адамдарды, идеяларды және ғылыми мектептерді бюрократиялық үдерістен жоғары қоямыз.

ҚҰНДЫЛЫҚ 02

Біз есептіліктің маңызын мойындаймыз, бірақ ғылымның құндылығы ең алдымен формаларды сапалы толтырумен емес, жаңа біліммен өлшенуі тиіс деп есептейміз.

ҚҰНДЫЛЫҚ 03

Біз жарияланымдардың маңызын мойындаймыз, бірақ зерттеудің мазмұнын формалды көрсеткіштен жоғары қоямыз.

ҚҰНДЫЛЫҚ 04

Біз коммерцияландырудың маңызын мойындаймыз, бірақ ұзақ мерзімді білім қалыптастыруды жедел пайдадан жоғары қоямыз.

ҚҰНДЫЛЫҚ 05

Біз бақылаудың маңызын мойындаймыз, бірақ сенім мен жауапкершілікті күдік презумпциясынан жоғары қоямыз.

ҚҰНДЫЛЫҚ 06

Біз конкурстық іріктеудің маңызын мойындаймыз, бірақ мықты идеяларды дамытуды механикалық түрде шеттетуден жоғары қоямыз.

ҚҰНДЫЛЫҚ 07

Біз халықаралық стандарттардың маңызын мойындаймыз, алайда әлемдік ғылымға субъект ретінде қатысуды өзгенің үлгілерін автоматты түрде көшіруден жоғары қоямыз.

1. Академическая свобода как основа научно-технологического развития

Академическая свобода необходимое условие поиска истины и краеугольный камень развития науки. Без неё любые меры государственной поддержки исследований теряют глубинный смысл: невозможно требовать от науки открытий и одновременно ограничивать свободу задавать вопросы, выдвигать гипотезы, проверять идеи и выражать научную позицию. Для Казахстана академическая свобода это не абстрактный принцип, а условие реализации нового конституционного статуса науки.

Если наука становится одним из оснований государственной политики и интеллектуального суверенитета, то научный поиск должен быть защищён от давления интересов, не связанных с качеством исследования, истиной и общественным благом. Ведущие научные традиции мира строились вокруг стремления к истине и свободы исследования. Девиз Гарвардского университета Veritas («Истина»), а университетская модель Гумбольдта исходила из принципов академической свободы и единства науки и образования. Эти идеи сегодня сохраняют значение для любой страны, которая стремится построить сильную научную систему.

Учёный не должен опасаться преследования за научную гипотезу, добросовестно выраженную позицию или результаты исследования, если они получены честным и верифицированным путем. Академическая свобода это не привилегия учёного. Это право общества на истину. Вместе с тем, эта свобода невозможна без научной честности, ответственности и уважения к этике исследования.

2. Доверие и ответственность научной системы

Доверие к учёному одно из важнейших условий появления нового знания. Наука не может развиваться в атмосфере всеобщего подозрения, избыточного давления и страха перед ошибкой. Но доверие не означает безответственность. Зрелая научная система строится не на тотальном административном контроле каждого исследователя, а на профессиональной экспертизе, прозрачности процедур и неизбежности ответственности за реальные нарушения. Контроль должен защищать науку от недобросовестности, а не превращаться в механизм подавления инициативы. Сильное научное сообщество отличает честных исследователей от недобросовестных.

Оно поддерживает порядочных ученых и жестко реагирует на любое нарушение норм научной этики: фальсификацию, плагиат, фиктивное авторство, манипуляции данными, покупку научного статуса и имитацию исследования. Доверие должно быть основой отношения к тем, кто служит знанию, науке и профессиональному долгу учёного. Но там, где доверие сознательно разрушается, должна наступать ответственность. Система, построенная на недоверии, производит отчётность, страх и формальное соответствие. Система, основанная на доверии, создаёт условия для смелых научных идей и открытий.

Со своей стороны, научное сообщество принимает на себя встречное обязательство: укреплять это доверие качеством исследований, открытостью научной дискуссии, честной коммуникацией с обществом, просвещением и ответственностью перед обществом.

3. Научная этика как основа академической свободы

Научная свобода невозможна без научной честности. Академическая свобода не может быть оправданием произвола, имитации, недобросовестности или злоупотребления доверием. Этика это не внешнее ограничение науки, а её внутренний закон, без которого свобода теряет смысл, а доверие к науке разрушается. Учёная степень, академическое звание, научная публикация, грант, экспертное заключение и участие в принятии научных решений должны означать не только статус, но прежде всего ответственность перед истиной, обществом, государством и будущими поколениями.

Чем больше свободы получает научное сообщество, тем выше должна быть его внутренняя требовательность к качеству, честности и профессиональной добросовестности. Если мы хотим меньше бюрократического контроля, мы должны требовать больше внутренней честности научного сообщества.

Если мы хотим доверия государства, бизнеса и общества, научное сообщество должно само взять на себя ответственность за соблюдение этических норм, защиту достоинства науки и нетерпимость к недобросовестным практикам — плагиату, фиктивным публикациям, имитации исследований, конфликтам интересов, закрытым договорённостям и использованию научного статуса как инструмента влияния без реального вклада в знание. Наука требует третьего пути: академической свободы, основанной на честности, и ответственности, основанной на справедливости, прозрачности и уважении к достоинству учёного труда.

4. Фундаментальная наука и право на риск

Фундаментальная наука создаёт язык, методы, данные, школы и горизонты, без которых прикладные решения становятся поверхностными. Коммерциализация важна. Технологии важны. Стартапы важны. Но они не возникают из пустоты. Коммерциализация является важным этапом научного цикла, дополняющим фундаментальные исследования, из которых она произрастает. Каждая технология будущего начинается с вопроса, который когда-то не подразумевал немедленной рыночной цены. Нельзя требовать от каждой научной идеи немедленной прибыли.

Не каждое фундаментальное исследование ориентировано на быстрый коммерческий эффект, однако опыт показывает, что именно большинство таких исследований сформировали основу для будущих экономических прорывов. Некоторые идеи должны сначала изменить наше понимание мира и только потом они меняют экономику. Мы считаем ошибочной логику, при которой ценность знания признаётся только после его превращения в технологию, а ценность технологии — только после выхода на рынок. Наука имеет право на риск.

Честный отрицательный результат это тоже результат, если он расширяет знание, уточняет метод, проверяет гипотезу или предотвращает ложный путь. Фундаментальная наука и прикладные инновации не противопоставлены друг другу. Напротив, они взаимно усиливают друг друга: фундаментальная наука создаёт новые знания и горизонты, а прикладные инновации превращают их в технологии, решения и общественную пользу. Долгосрочное технологическое развитие требует их взаимного усиления. Система, которая наказывает любой риск и научную смелость, получает только безопасные проекты, которые не способны менять будущее. Наука, сведённая к быстрой отдаче, перестаёт производить будущее, она производит «правильную отчетность».

5. Экспертиза должна быть инструментом взращивания идей, а не машиной отказа

Экспертиза должна быть институтом повышения качества отбора научной мысли. Она не должна быть машиной отказа. Форма не должна убивать содержание до того, как идея получила научную оценку. Техническая процедура должна помогать довести проект до честной экспертизы, а не становиться барьером, за которым исчезают сильные замыслы. Профессиональная экспертиза не только выбирает победителей, она делает сильнее даже те идеи, которые сегодня не удостоились финансирования.

Задача научной политики не просто распределить средства, её задача — создать среду, где каждая сильная идея получает шанс пройти путь от гипотезы до знания, от знания до метода, от метода до технологии, от технологии до общественного прогресса. Мы выбираем систему, которая не ищет повод отказать, а ищет способ вырастить идею от нового знания до технологии прогресса.

6. Казахстан как интеллектуальная средняя держава: субъектность и собственные данные

В ХХІ веке средняя держава определяется не только дипломатией и геополитическим балансом. Она определяется способностью быть субъектом знания. Казахстан не обязан конкурировать с крупнейшими и ведущими научными центрами масштабом ресурсов. Но он может конкурировать качеством среды, гибкостью институтов, скоростью обновления, междисциплинарностью, ответственностью перед будущим и уникальностью данных, прозрачностью и логичностью научной экосистемы. Наши природные, исторические, генетические, археологические, климатические, культурные, языковые, демографические и социальные данные это не сырьё.

В совокупности они образуют интеллектуальное богатство страны. Но данные становятся силой только тогда, когда вокруг них есть школы, инфраструктура, этика, методология, цифровые платформы, открытая наука и выстраивается справедливое международное партнёрство. Казахстанская наука должна быть частью мировой науки, сохраняя при этом интеллектуальную самостоятельность. Мы должны участвовать в глобальном научном процессе не как периферийные поставщики данных, а как авторы собственных исследовательских вопросов, методологических подходов, интерпретаций и научных смыслов.

Открытость мировой науке не означает отказ от способности формировать собственные исследовательские приоритеты, инфраструктуру и научные интерпретации. В эпоху искусственного интеллекта и больших данных интеллектуальный суверенитет означает также цифровой суверенитет: способность создавать собственные базы данных, модели, алгоритмы и научные интерпретации, исходя из нашего контекста и наших задач. Средняя держава ХХІ века это не периферия чужого знания. Это страна, способная создавать собственный вклад в общее будущее человечества.

7. Главный капитал науки — люди, научные школы и преемственность поколений

Главным ресурсом науки являются люди. Не приборы, не здания, не отчёты и не показатели сами по себе, а исследователи, способные задавать новые вопросы и отвечать на вызовы времени. Научные школы создаются десятилетиями. Подготовка самостоятельного учёного требует многих лет образования, упорного труда, наставничества, профессионального роста и включения в международное научное сообщество. Потерять научные кадры можно быстро; восстановить их гораздо труднее и дольше.

История казахстанской науки показывает: крупные научные достижения рождаются там, где создаются не только открытия и технологии, но и институты, коллективы, научные школы и новые поколения исследователей. Наследие академиков Каныша Сатпаева, Шахмардана Есенова и Мурата Айтхожина напоминает нам: будущее науки определяется тем, насколько сегодня мы способны воспитать тех, кто завтра, через десять, двадцать и тридцать лет будет руководить лабораториями, университетами, исследовательскими центрами и новыми направлениями научного поиска. Государство может построить лаборатории за несколько лет.

Но научное поколение формируется десятилетиями. Оборудование можно приобрести. Научную школу невозможно купить или создать приказом — её можно только вырастить. Поэтому развитие науки невозможно свести только к финансированию проектов или оценке текущих результатов. Оно требует системной поддержки молодых исследователей: качественного образования, наставничества, академической мобильности, международных стажировок, участия в глобальных научных коллаборациях, достойных условий труда и социальной поддержки, научной самостоятельности и академической свободы. Инвестиции в молодых учёных — это инвестиции в научное, технологическое и интеллектуальное будущее Казахстана.

1. Академиялық еркіндік — ғылыми-технологиялық дамудың негізі

Академиялық еркіндік ақиқатты іздеудің қажетті шарты және ғылым дамуының іргетасы. Онсыз ғылыми зерттеулерді қолдауға бағытталған кез келген мемлекеттік шара өзінің терең мәнін жоғалтады: ғылымнан жаңалық талап ете отырып, сұрақ қою, гипотеза ұсыну, идеяны тексеру және ғылыми ұстанымды білдіру еркіндігін шектеу мүмкін емес. Қазақстан үшін академиялық еркіндік абстрактілі ұғым емес, ғылымның жаңа конституциялық мәртебесін іске асырудың қажетті шарты.

Егер ғылым мемлекеттік саясат пен зияткерлік егемендіктің негіздерінің біріне айналса, онда ғылыми ізденіс зерттеу сапасына, ақиқатқа және қоғамдық игілікке қатысы жоқ сыртқы ықпал мен қысымнан қорғалуы тиіс. Әлемнің жетекші ғылыми дәстүрлері ақиқатқа ұмтылу және зерттеу еркіндігі қағидаттарының төңірегінде қалыптасты. Харвард университетінің ұраны Veritas, яғни «Ақиқат». Ал Хумбольдт университетінің моделі академиялық еркіндік пен ғылым және білім берудің бірлігі қағидаттарына негізделді.

Ғалым адал, кәсіби және тексеруге болатын жолмен алынған ғылыми гипотезасы, ғылыми ұстанымы немесе зерттеу нәтижесі үшін қудалаудан қорықпауы қажет. Академиялық еркіндік ғалымға берілген айрықша жеңілдік емес; ол қоғамның ақиқатқа қол жеткізу құқығының институционалдық кепілі. Сонымен бірге, бұл еркіндік ғылыми адалдықсыз, жауапкершіліксіз және зерттеу этикасына деген құрмет болмай жүзеге аспайды.

2. Ғылыми жүйенің сенімі мен жауапкершілігі

Ғалымға сенім арту жаңа білімнің пайда болуының маңызды шарты. Ғылым жаппай күдік, шамадан тыс қысым және қателік жіберуден қорқу жағдайында дами алмайды. Бірақ сенім жауапсыздықты білдірмейді. Мықты жүйе әрбір зерттеушіні жаппай әкімшілік бақылауға алуға емес, кәсіби сараптамаға, рәсімдердің ашықтығына және нақты бұзушылық үшін жауапкершіліктің бұлтартпастығына сүйенеді.

Ол парасатты ғалымдарды қолдап, ғылыми этика нормаларын бұзудың кез-келген түріне: деректерді бұрмалауға, плагиатқа, жалған авторлыққа, деректермен манипуляция жасауға, ғылыми мәртебені сатып алуға және зерттеуді көзбояушылыққа айналдыруға қатаң тосқауыл қояды. Сенім білімге, ғылымға және ғалымның кәсіби борышына адал қызмет ететіндерге деген қатынастың негізі болуы тиіс.

Өз тарапынан ғылыми қауымдастық бұл сенімді сөзбен емес, іспен нығайтуға міндетті: зерттеулердің сапасымен, ғылыми пікірталастың ашықтығымен, қоғаммен адал байланыс құрумен, ағартушылық қызметпен және қоғам алдындағы жауапкершілікпен.

3. Ғылыми этика — академиялық еркіндіктің негізі

Ғылыми еркіндік ғылыми адалдықсыз мүмкін емес. Академиялық еркіндік озбырлыққа, көзбояушылыққа, жосықсыздыққа немесе сенімді теріс пайдалануға сылтау болмауы тиіс. Этика ғылымға сырттан таңылған шектеу емес, ол оның ішкі заңы. Онсыз еркіндік өз мәнін жойып, ғылымға деген сенім жоғалады.

Ғылыми қауымдастық неғұрлым кең еркіндікке ие болған сайын, оның зерттеу сапасына, адалдық пен кәсіби жауапкершілікке қоятын ішкі талабы да соғұрлым жоғары болуы шарт. Егер біз бюрократиялық бақылаудың азаюын қаласақ, ғылыми қауымдастықтың ішкі адалдығына қойылатын талапты күшейтуіміз керек.

Егер мемлекет, бизнес пен қоғам тарапынан шынайы сенімге ие болғымыз келсе, ғылыми қауымдастық этика нормаларының сақталуына, ғылымның абыройын қорғауға және жосықсыз әрекеттерге — плагиатқа, жалған жарияланымдарға, зерттеуді көзбояушылыққа айналдыруға, мүдделер қақтығысына, астыртын келісімдерге қатаң төзбеушілік танытуға өз жауапкершілігін алуы қажет. Бүгінгі ғылымға үшінші жол қажет: бұл адалдыққа негізделген академиялық еркіндік және әділдікке, ашықтыққа әрі ғалым еңбегінің қадір-қасиетін құрметтеуге сүйенген жауапкершілік.

4. Іргелі ғылым және тәуекелге бару құқығы

Іргелі ғылым қолданбалы шешімдердің терең әрі орнықты болуына негіз болатын ұғымдық тіл, әдіснамалық құралдар, деректер, ғылыми мектептер және жаңа таным көжиектерін қалыптастырады. Коммерцияландыру да маңызды, технологиялар да маңызды, стартаптар да маңызды. Алайда олардың ешқайсысы жоқтан пайда болмайды.

Сондықтан әрбір ғылыми идеядан бірден экономикалық пайда талап етуге болмайды. Іргелі зерттеулердің бәрі жедел коммерциялық нәтижеге бағыттала бермейді. Тарихи тәжірибе көрсеткендей, болашақтағы экономикалық серпілістердің негізін көбіне дәл осындай зерттеулер қалайды. Біз білімнің құндылығы тек ол технологияға айналғанда ғана мойындалатын логиканы қате деп санаймыз. Ғылым тәуекелге баруға құқылы.

Адал жолмен алынған теріс нәтиже де нәтиже болып саналады, өйткені ол білімді кеңейтіп, әдісті нақтылап, гипотезаны тексеріп, қате бағыттың алдын алады. Кез келген тәуекел мен ғылыми батылдықты жазалайтын жүйе болашақты өзгертуге қабілетсіз, тек «қауіпсіз» жобаларды ғана көбейтеді. Жылдам қайтарымға бағындырылған ғылым болашақты қалыптастыру қабілетін жоғалтып, тек "дұрыс есептілік" өндіретін жүйеге айналады.

5. Сараптама бас тарту машинасы емес, идеяларды өсіру институты болуы тиіс

Сараптама ғылыми идеяны іріктеу сапасын арттыратын институтқа айналуы шарт. Ол бас тарту мен қайтару машинасына айналмауы тиіс. Идея ғылыми тұрғыдан бағаланбай тұрып, форма мазмұнды тұншықтырмауы керек. Техникалық рәсім жобаны адал сараптамаға жеткізуге көмектесуі тиіс, мықты идеяларды бөгейтін кедергіге айналмауы тиіс.

Ғылыми саясаттың міндеті қаражатты жай ғана бөлу емес; оның міндеті әрбір мықты идеяның гипотезадан білімге, білімнен әдіске, әдістен технологияға, технологиядан қоғамдық прогреске дейін өтуіне мүмкіндік беретін ашық орта қалыптастыру. Біз бас тартуға сылтау іздейтін жүйені емес, идеяны жаңа білімнен прогресс технологиясына дейін өсіретін жүйені таңдаймыз.

6. Қазақстан зияткерлік орта держава ретінде: субъектілік және төл деректер

ХХІ ғасырда орта держава тек дипломатиямен немесе геосаяси тепе-теңдікпен ғана анықталмайды. Ол білім-ғылым субъектісі болу қабілетімен де айқындалады. Қазақстан ең ірі және жетекші ғылыми орталықтармен ресурстар көлемі бойынша бәсекелесуге міндетті емес. Бірақ ол ғылыми ортаның сапасы, институттардың икемділігі, жаңару қарқыны, пәнаралық байланыс, болашақ алдындағы жауапкершілік, деректердің бірегейлігі, ғылыми экожүйенің ашықтығы мен жүйелілігі арқылы бәсекелесе алады.

Еліміздің табиғи, тарихи, генетикалық, археологиялық, климаттық, мәдени, тілдік, демографиялық және әлеуметтік деректері жай ғана шикізат емес. Олардың жиынтығы елдің зияткерлік байлығын құрайды. Алайда деректердің айналасында ғылыми мектептер, инфрақұрылым, этика, әдіснама, цифрлық платформалар, ашық ғылым және әділетті халықаралық әріптестік қалыптасқанда ғана ол шынайы күшке айнала алады.

Біз жаһандық ғылыми үдеріске деректерді шеткеріден ұсынатын қосалқы тарап ретінде емес, өз зерттеу сұрақтарын қоя алатын, өз әдіснамалық тәсілдерін, ғылыми интерпретациялары мен тұжырымдарын ұсына алатын субъект ретінде қатысуымыз қажет. Жасанды интеллект пен үлкен деректер дәуірінде зияткерлік егемендік цифрлық егемендікті де білдіреді: өз контекстіміз бен өз міндеттерімізге сүйене отырып, ұлттық дерекқорлар, модельдер, алгоритмдер және ғылыми интерпретациялар жасай алу қабілеті.

7. Ғылымның басты капиталы — адамдар, ғылыми мектептер және ұрпақтар сабақтастығы

Ғылымның басты ресурсы адамдар. Құрал-жабдықтар да, ғимараттар та, есептер те, көрсеткіштер де өздігінен ғылым жасай алмайды. Ғылымды жаңа сұрақ қоя алатын, заман сын-қатерлеріне жауап бере алатын зерттеушілер жасайды. Ғылыми мектептер ондаған жылдар бойы қалыптасады. Дербес ғалым даярлау ұзақ жылдық білімді, табанды әрі қажырлы еңбекті, тәлімгерлікті, кәсіби өсуді және халықаралық ғылыми қауымдастыққа енуді талап етеді.

Қаныш Сәтбаев, Шахмардан Есенов және Мұрат Айтқожин сынды академиктердің мұрасы бізге ғылымның болашағы бүгін тәрбиеленіп жатқан жас ғалымдарға тікелей байланысты екенін еске салады. Себебі ертең, он немесе отыз жылдан кейін зертханаларды, университеттерді, ғылыми орталықтарды және ғылыми ізденістің жаңа бағыттарын басқаратын тұлғаларды қалыптастыру бүгінгі буынның жауапкершілігінде тұр.

Мемлекет бірнеше жыл ішінде зертханалар сала алады. Бірақ ғылыми буын ондаған жылдар бойы қалыптасады. Құрал-жабдықты сатып алуға болады. Ал ғылыми мектепті сатып алу немесе бұйрықпен құру мүмкін емес — оны тек қалыптастыруға болады. Жас ғалымдарға салынған инвестиция — Қазақстанның ғылыми, технологиялық және зияткерлік болашағына салынған инвестиция.

🏛️ Обращение к Государству

Мы обращаемся к государству с призывом закрепить в практике государственного управления понимание науки как одного из ключевых факторов экономического развития и важнейшей основы интеллектуального суверенитета Казахстана. Реформы, законы, государственные программы и долгосрочная политика страны должны опираться на научные данные, профессиональную экспертизу и доказательный анализ.

Казахстану нужна система, в которой контроль защищает честность, но не подавляет инициативу; финансирование поддерживает не только быстрый прикладной результат, но и долгий путь к открытию; сильная идея не теряется в формальных процедурах, а получает шанс быть оцененной по достоинству и реализованной. Научная политика должна быть направлена на развитие открытой и конкурентной среды, где формируются новые поколения молодых учёных, укрепляются научные школы и поддерживаются перспективные исследовательские направления.

Отечественной науке нужны эффективные механизмы государственной поддержки развития научной инфраструктуры, от которой напрямую зависит качество подготовки научных кадров и исследований, а также их конкурентоспособность. Государственная поддержка не должна превращаться в механизм сохранения закрытых команд и ведомственных интересов. Она должна способствовать обновлению науки, повышению качества исследований и расширению пространства для честной научной конкуренции.

🔬 Обращение к Учёным

Мы обращаемся к учёным: не соглашаться на имитацию там, где есть поиск истины. Беречь достоинство науки и честь ученого, не превращать публикации, гранты и звания в самоцель. Мы исходим из того, что большинство казахстанских ученых добросовестно служит науке, образованию и обществу. Именно поэтому научное сообщество должно быть заинтересовано в том, чтобы нарушения научной этики выявлялись, проверялись и минимизировались самими профессиональными институтами через добросовестную экспертизу, открытую научную критику, работу этических комиссий и прозрачные процедуры ответственности.

Требовать доверия и самим быть достойными этого доверия. Принимать на себя полноту миссии ученого: как исследователя расширять границы познания; как эксперта обеспечивать научную строгость государственных и общественных решений; как наставника воспроизводить интеллектуальный капитал страны; как просветителя направлять знание обществу как общественное благо; как инноватора превращать новое понимание мира в технологии и возможности для будущего.

🎓 Обращение к Университетам и НИИ

Мы обращаемся к университетам и научным организациям: быть не только администраторами проектов, но и хранителями научной культуры, академической свободы, наставничества, этики и исследовательской преемственности. Университеты и НИИ должны создавать среду, в которой учёный может не только выполнять проект, но и расти как самостоятельный исследователь: формировать научную группу, готовить молодых ученых, развивать лаборатории, участвовать в международных коллаборациях, публиковать качественные исследования, передавать знания обществу и создавать новые технологии.

Для этого необходимы сильные внутренние институты: прозрачная кадровая политика, честные академические конкурсы, работающие этические комиссии, профессиональная грантовая поддержка, офисы трансфера технологий, службы управления данными, центры коллективного пользования и современная исследовательская инфраструктура.

Рейтинги университетов и научных организаций, публикационные показатели и иные индикаторы не должны становиться самоцелью. Они должны использоваться как инструменты объективной оценки качества исследований, развития научной среды, подготовки кадров и реального вклада науки в образование, технологии, общество и экономику.

💼 Обращение к Бизнесу

Мы обращаемся к бизнесу с предложением развивать долгосрочное партнерство с наукой, перестать видеть в науке только подрядчика для выполнения прикладного заказа или поставщика готового продукта. Наука должна стать для бизнеса стратегическим партнёром в создании будущих отраслей, новых рынков и технологической независимости страны. Но партнёрство не должно сводиться к редукции науки до рынка.

Государство, бизнес и научное сообщество должны совместно формировать культуру долгосрочных инвестиций в исследования, где прикладной результат поддерживается фундаментальным знанием, инженерной компетенцией и современной инфраструктурой.

Настоящая инновация начинается не с требования немедленной выгоды и быстрой окупаемости. Она начинается с доверия к знанию, с готовности инвестировать в исследование, с понимания, что крупные технологические прорывы редко рождаются в режиме краткосрочной коммерческой логики. То, что сегодня кажется фундаментальным поиском, завтра может стать новой индустрией, новым экспортным направлением, новой основой конкурентоспособности.

🌐 Обращение к Обществу

Мы обращаемся к обществу: требовать от науки пользы справедливо. Но важно понимать, что самая глубокая польза науки не всегда видна сразу и не всегда измеряется быстрым результатом. Наука работает не только с проблемами настоящего, но и с вызовами будущего, помогая обществу находить ответы на вопросы, которые ещё только возникают. Сильная медицина, чистая окружающая среда, объективная история, продовольственная безопасность, технологический прогресс, цифровая независимость и качество государственного управления невозможны без свободной, глубокой и честной научной мысли.

Там, где науку сводят к формальным отчётам, удобным выводам или немедленной выгоде, общество теряет способность понимать себя, защищать своё здоровье, управлять своими ресурсами и строить собственное будущее. Казахстану нужна не только наука отчётов. Не только наука показателей. Не только наука внедрений, коммерциализации и формального соответствия требованиям. Развитие науки это прежде всего развитие людей, способных создавать знания. Знания создают технологии. Технологии создают благополучие и прогресс. А всё вместе формирует будущее страны.

Мы не выступаем против отчетности, контроля и проверок. В любой современной научной системе публичные средства требуют прозрачности и ответственности. Но контроль должен быть соразмерным, риск-ориентированным и максимально цифровым, чтобы снижать административную нагрузку на ученых и одновременно минимизировать возможность нарушений. Казахстану нужна наука доверия, честности, глубины, риска и ответственности. Наука, которая имеет право на поиск и потому способна открывать. Наука, которая умеет ошибаться и потому способна находить новое. Наука, которая способна думать долго и потому способна действовать точно. Наука, которая соединяет дисциплины и потому видит не фрагменты, а целое. Наука, которая укоренена в национальном контексте и при этом способна иметь мировое значение.

Мы выбираем не систему отказа, подозрения и бесконечной формальной проверки. Мы выбираем систему взращивания знаний, доверия к учёному труду и ответственности за качество науки. Потому что будущее страны не должно утонуть в правильно оформленных отчётах. Оно должно вырасти из смелых идей, честного поиска, сильных научных школ и открытий, которые Казахстан способен создать сам.

🏛️ Мемлекетке арналған үндеу

Біз мемлекетке ғылымды экономикалық дамудың негізгі факторларының бірі әрі Қазақстанның зияткерлік егемендігінің аса маңызды негізі ретінде ұстанымын мемлекеттік басқару тәжірибесінде орнықтыруға шақырамыз. Реформалар, заңдар, мемлекеттік бағдарламалар мен ел дамуының ұзақ мерзімді саясаты ғылыми деректерге, кәсіби сараптамалық қорытындыларға және дәлелді талдауға негізделуі шарт.

Қазақстанға адалдықты қорғап, бірақ бастамашылдықты тұншықтырмайтын бақылау; тек жылдам қолданбалы нәтижені емес, жаңалыққа алып келетін ұзақ жолды да қолдайтын қаржыландыру; сондай-ақ, мықты идея формалды рәсімде жоғалып кетпей, өзінің шынайы құнымен бағаланып, жүзеге асуға мүмкіндік алатын жүйе қажет. Отандық ғылымға ғылыми инфрақұрылымды дамытуға бағытталған мемлекеттік қолдаудың тиімді тетіктері қажет.

Ғылыми саясат ашық әрі бәсекелі ортаны дамытуға бағытталуы тиіс. Онда жас ғалымдардың жаңа буыны қалыптасып, ғылыми мектептер нығайып, болашағы бар зерттеу бағыттары қолдау табуы шарт. Мемлекеттік қолдау жабық тәжірибелердің инерциясын бекітуге емес, ғылымның жаңаруына, зерттеу сапасының артуына және адал ғылыми бәсекенің кеңеюіне қызмет етуі тиіс.

🔬 Ғалымдарға арналған үндеу

Біз ғалымдарға үндеу жолдаймыз: ғалымдар ақиқатты іздеуде көзбояушылыққа жол бермеуге шақырамыз. Ғылымның абыройын және ғалымның ар-намысын сақтау, жарияланымды, грантты және атақты мақсатқа айналдырмау қажет. Сенім талап ете отырып, сол сенімге өзіміз лайық болуымыз керек. Біз Қазақстан ғалымдарының басым бөлігі ғылымға, білімге және қоғамға адал қызмет етіп келеді деп есептейміз.

Сондықтан ғылыми қауымдастық ғылыми этика нормаларының бұзылуын кәсіби ғылыми институттардың өздері адал әрі объективті сараптама, ашық ғылыми сын, этикалық комиссиялардың жұмысы және жауапкершілікке тартудың ашық рәсімдері арқылы анықтап, тексеріп, барынша азайтуға мүдделі болуы тиіс. Ғалым өз миссиясының толық жауапкершілігін сезінуі тиіс. Зерттеуші ретінде таным шегарасын кеңейтеді. Сарапшы ретінде мемлекеттік және қоғамдық шешімдердің ғылыми негізділігін қамтамасыз етеді. Тәлімгер ретінде елдің зияткерлік капиталын жаңғыртады. Ағартушы ретінде білімді қоғамға ортақ игілік ретінде бағыттайды. Инноватор ретінде әлемді жаңаша түсінуден туған білімді технологиялар мен болашақ мүмкіндіктеріне айналдырады.

🎓 Университеттер мен НИИ арналған үндеу

Біз университеттер мен ғылыми ұйымдарға үндеу жолдаймыз: жобалардың тек әкімшісі болып қана қоймай, ғылыми мәдениеттің, академиялық еркіндіктің, тәлімгерліктің, этиканың және зерттеушілік сабақтастықтың сақтаушысы болу қажет. Университеттер мен ғылыми-зерттеу институттары ғалым тек жобаны орындайшы болып қана қоймай, дербес зерттеуші ретінде өсіп-жетіле алатын орта қалыптастыруы тиіс.

Мұндай орта ғылыми топ құруға, жас ғалымдардың жаңа буынын даярлауға, зертханаларды дамытуға, халықаралық ғылыми ынтымақтастыққа қатысуға, сапалы зерттеулер жариялауға, ғылыми білімді қоғамға жеткізуге және жаңа технологиялар жасауға жол ашуы қажет. Бұл үшін ұйымдардың ішінде мықты әрі тиімді жұмыс істейтін институттар болуы керек: ашық кадр саясаты, әділ академиялық конкурстар, қызметі жолға қойылған этикалық комиссиялар, гранттық жобаларды кәсіби қолдау жүйесі, технологиялар трансфері кеңселері, деректерді басқару қызметтері, ұжымдық пайдалану орталықтары және заманауи ғылыми-зерттеу инфрақұрылымы.

Университеттер мен ғылыми ұйымдардың рейтингтері, жарияланым көрсеткіштері және өзге де индикаторлар өз алдына мақсатқа айналмауы тиіс. Олар зерттеулердің сапасын, ғылыми ортаның дамуын, ғылыми кадрларды даярлау деңгейін және ғылымның білім беру ісіне, технологияларға, қоғам мен экономикаға қосатын нақты үлесін объективті бағалау құралы ретінде пайдаланылуы тиіс.

💼 Бизнеске арналған үндеу

Біз бизнеске үндеу жолдаймыз: бизнес ғылымды тек қолданбалы тапсырысты орындайтын мердігер немесе дайын өнім жеткізуші ретінде көруді тоқтату қажет. Ғылым бизнес үшін болашақ салаларды, жаңа нарықтарды және елдің технологиялық тәуелсіздігін қалыптастыратын стратегиялық серіктеске айналуы тиіс. Бірақ бұл әріптестік ғылымды нарықтық логикаға ғана бағындыруға әкелмеуі тиіс.

Мемлекет, бизнес және ғылыми қауымдастық зерттеулерге ұзақ мерзімді инвестиция салу мәдениетін бірлесіп қалыптастыруы тиіс. Бұл ретте қолданбалы нәтиже іргелі білімге, инженерлік құзыреттерге және заманауи инфрақұрылымға сүйеніп дамуы қажет.

Нағыз инновация жедел пайда мен жылдам қайтарымды талап етуден басталмайды. Ол білімге сенімнен, зерттеуге инвестиция салуға дайын болудан, ірі технологиялық серпілістердің қысқа мерзімді коммерциялық логикада сирек туатынын түсінуден басталады. Бүгін іргелі ізденіс болып көрінетін нәрсе ертең жаңа индустрияға, жаңа экспорттық бағытқа, бәсекеге қабілеттіліктің жаңа негізіне айналуы мүмкін.

🌐 Қоғамға арналған үндеу

Біз қоғамға үндеу жолдаймыз: ғылымнан пайда талап ету әділетті талап. Бірақ ғылымның ең терең пайдасы әрдайым бірден көріне бермейтінін және үнемі жылдам нәтижемен өлшенбейтінін түсіну маңызды. Ғылым тек бүгінгі мәселелермен емес, болашақтың сын-қатерлерімен де жұмыс істейді, қоғамға әлі толық туындап үлгермеген сұрақтардың жауабын табуға көмектеседі. Мықты медицина, таза орта, объективті тарих, азық-түлік қауіпсіздігі, технологиялық прогресс, цифрлық тәуелсіздік және мемлекеттік басқару сапасы еркін, терең және адал ғылыми ойсыз мүмкін емес.

Ғылым формалды есептерге, ыңғайлы қорытындыларға немесе жедел пайдаға ғана телінген жерде қоғам өзін түсіну, өз денсаулығын қорғау, өз ресурстарын басқару және өз болашағын құру қабілетінен айырыла бастайды. Қазақстанға тек есеп беретін ғылым ғана қажет емес. Тек көрсеткіштерге құрылған ғылым ғана қажет емес. Тек енгізу, коммерцияландыру және талаптарға формалды сәйкестікке ғана бағытталған ғылым қажет емес. Ғылымның дамуы ең алдымен білім жасай алатын адамдардың дамуы. Білім технологияны тудырады. Технологиялар қоғамдық әл-ауқат пен прогрестің негізін қалайды. Ал осының бәрі бірге елдің болашағын қалыптастырады.

Біз есептілікке, бақылауға және тексерістерге қарсы емеспіз. Кез келген заманауи ғылыми жүйеде мемлекеттік қаражаттың пайдаланылуы ашықтық пен жауапкершілікті талап етеді. Алайда бақылау мөлшерлес, тәуекелге бағдарланған және барынша цифрландырылған болуы тиіс. Бұл ғалымдарға түсетін әкімшілік жүктемені азайтып, сонымен бірге бұзушылықтарға жол берілу мүмкіндігін барынша төмендетуі керек. Қазақстанға сенімнің, адалдықтың, тереңдіктің, тәуекелдің және жауапкершіліктің ғылымы қажет. Ізденуге құқығы бар ғылым жаңалық аша алатын ғылым. Қателесуге қабілетті ғылым жаңалық аша алатын ғылым. Ұзақ ойлай алатын ғылым нақты әрекет ете алатын ғылым. Пәндерді тоғыстыра алатын ғылым бөліктерді ғана емес, тұтастықты көре алатын ғылым. Ұлттық контексте тамыр жайған және сонымен бірге әлемдік мәнге ие бола алатын ғылым.

Біз бас тартуға, күдікке және шексіз формалды тексерістерге негізделген жүйені емес, білімді өсіретін, ғалым еңбегіне сенім артатын және ғылым сапасына жауапкершілікпен қарайтын жүйені таңдаймыз. Өйткені елдің болашағы дұрыс рәсімделген есептердің ішінде жоғалмауы тиіс. Ол батыл идеялардан, адал ізденістен, мықты ғылыми мектептерден және Қазақстанның өзі жасай алатын жаңалықтарынан туындауы тиіс.

I. НАЦИОНАЛЬНЫЙ УРОВЕНЬ | РЕФОРМА 1

Ежегодный Национальный доклад по науке на Курултае

ПОЛИТИЧЕСКОЕ ОБЯЗАТЕЛЬСТВО

Законодательно закрепить ежегодное рассмотрение Национального доклада по науке на пленарном заседании Курултая Республики Казахстан с участием Правительства, Национальной академии наук при Президенте РК, отраслевых министерств, бизнеса и научного сообщества. По итогам рассмотрения Курултай принимает постановление с поручениями Правительству, сроками исполнения, ответственными государственными органами и обязательным публичным отчетом о реализации рекомендаций к следующему Национальному докладу по науке.

ПОЯСНЕНИЕ

Национальный доклад по науке должен стать не формальной аналитической публикацией, а ежегодным механизмом государственной ответственности за научно-технологическое развитие страны. Его рассмотрение в Курултае позволит связать научную политику с бюджетом, отраслевыми стратегиями, региональным развитием, инновациями и качеством государственного управления. Правительство будет обязано публично показывать, какие рекомендации учёных учтены в решениях государства, какие научные приоритеты профинансированы, какие результаты достигнуты и почему отдельные цели не выполнены.

Такой механизм переведёт науку из ведомственной сферы в вопрос национальной повестки, парламентского контроля и интеллектуального суверенитета Казахстана.

I. НАЦИОНАЛЬНЫЙ УРОВЕНЬ | РЕФОРМА 2

Научно-доказательная экспертиза государственных решений

ПОЛИТИЧЕСКОЕ ОБЯЗАТЕЛЬСТВО

Внести изменения в законодательство о правовых актах и государственном планировании, закрепив обязательное приложение научно-доказательного заключения к законопроектам, национальным проектам и государственным программам, затрагивающим национальную безопасность, здравоохранение, образование, экологию, водные ресурсы, энергетику, промышленность, цифровизацию, искусственный интеллект и технологическое развитие. Подготовка таких заключений должна координироваться Национальной академией наук при Президенте РК с привлечением независимых научных консорциумов, университетов, НИИ и отраслевых экспертов.

ПОЯСНЕНИЕ

Наука должна выступать не просто объектом государственной поддержки, а стратегическим инструментом повышения качества и безопасности государственного управления. Следуя передовым международным стандартам прозрачности принятия решений, Казахстану необходимо перейти к модели доказательной политики. Каждое Заявление о научно-доказательной базе в обязательном порядке должно содержать: верифицированные массивы данных, альтернативные научные позиции, долгосрочные риски, а также в соответствии с международными стандартами финансового планирования четко идентифицировать зоны научной неопределенности.

В эпоху стремительного развития искусственного интеллекта, климатических и демографических кризисов, цена управленческой ошибки слишком высока. Новый правовой фильтр повысит качество стратегических решений, обеспечив их предварительную проверку на научную обоснованность, долгосрочные риски и соответствие национальным интересам, тем самым укрепляя интеллектуальный суверенитет Казахстана.

I. НАЦИОНАЛЬНЫЙ УРОВЕНЬ | РЕФОРМА 3

Миссионно-ориентированные государственные научно-технологические заказы

ПОЛИТИЧЕСКОЕ ОБЯЗАТЕЛЬСТВО

Внести изменения в Закон Республики Казахстан «О науке и технологической политике», расширив действующую норму о внеконкурсном одобрении программно-целевого финансирования для сферы национальной безопасности и обороны на миссионно-ориентированные научно-технологические задачи особой государственной значимости. Такие задачи могут быть одобрены по решению Высшей научно-технической комиссии на основании научного заключения Национальной академии наук при Президенте РК, паспорта миссии, Национальной карты научно-технологических и инновационных компетенций, поэтапной TRL-оценки и обязательного механизма внедрения результатов.

ПОЯСНЕНИЕ

Международный опыт mission-oriented innovation policy (включая успешные модели Сингапура и агентства DARPA в США) показывает, что для задач уровня водной, биологической, энергетической, продовольственной, климатической, цифровой и технологической безопасности государство должно действовать как стратегический заказчик: формулировать миссию, определять владельца проблемы, собирать портфель компетентных исполнителей, финансировать этапы от исследований до внедрения.

Национальная безопасность в XXI веке вышла далеко за рамки чисто военного сектора - критический износ инфраструктуры, засуха или эпидемии бьют по суверенитету сильнее, что требует сопоставимых мобилизационных мер.

Поэтому предлагаемая реформа не отменяет конкурсы как общее правило, а создаёт исключительный миссионный порядок для задач особой государственной значимости: министерства и акиматы обязаны формировать ежегодно миссионные задачи, НАН проводит научную валидацию и сопоставляет их с Национальной картой компетенций, ВНТК принимает решение о внеконкурсном одобрении.

Безопасность бюджетных средств при этом гарантируется жесткими антикоррупционными фильтрами: финансирование разбивается на транши, привязанные к поэтапной международной TRL-оценке (уровню технологической готовности).

II. СИСТЕМНЫЙ УРОВЕНЬ | РЕФОРМА 4

Базовое финансирование научной карьеры

ПОЛИТИЧЕСКОЕ ОБЯЗАТЕЛЬСТВО

Внести в Закон Республики Казахстан «О науке и технологической политике» карьерно-ориентированный механизм прямого финансирования ученых как отдельный компонент базового финансирования науки, предусматривающий среднесрочные государственные научные контракты по карьерным ступеням: молодой ученый, самостоятельный исследователь, руководитель молодой научной группы, руководитель устойчивой научной группы, ведущий ученый / руководитель научной школы. Этот механизм должен дополнить существующую логику проектного инвестирования, обеспечив учёным защищённый фонд оплаты труда, исследовательский бюджет, поддержку мобильности, повышения квалификации и развития научных групп при независимой оценке результатов для перехода на следующую карьерную ступень.

ПОЯСНЕНИЕ

Учёные - это высшая концентрация человеческого капитала страны, однако сегодня их профессиональная траектория зависит преимущественно от разовых грантовых конкурсов.

В отличие от модели проектного финансирования, где исследователь каждые несколько лет заново доказывает право продолжать работу через заявки и может потерять финансирование даже при наличии сильной научной опыта и новых идей, карьерные контракты создают пакетную стабильность: защищённый фонд оплаты труда, целевой исследовательский бюджет, средства на международную мобильность, закуп материалов, повышение квалификации и развитие научной группы.

Эта модель не заменяет грантовое и программно-целевое финансирование, а дополняет его новым контуром прямого инвестирования в самого носителя знания - учёного, его команду и научную школу. Государство дает исследователю долгий горизонт планирования, академическую свободу и презумпцию доверия, но одновременно закрепляет измеряемую персональную ответственность за результаты, соответствующие его карьерной ступени: публикации, технологии, внедрение, подготовку кадров, международные коллаборации, привлечение внешнего финансирования и формирование научной школы.

II. СИСТЕМНЫЙ УРОВЕНЬ | РЕФОРМА 5

Диверсифицированная система грантов, региональной науки и циркуляции мозгов

ПОЛИТИЧЕСКОЕ ОБЯЗАТЕЛЬСТВО

Ввести диверсифицированную систему научных конкурсов, в которой разные типы исследований финансируются по разным правилам, срокам, бюджетам и критериям оценки: фундаментальная наука, прикладные исследования, междисциплинарные проекты, высокорисковые прорывные идеи, молодые ученые, научная инфраструктура, региональные задачи, международные коллаборации и проекты с участием казахстанских ученых за рубежом. Закрепить механизм региональных научных программ, в которых акиматы, региональные университеты, НИИ, бизнес и Национальная академия наук при Президенте РК совместно формируют научно-технологические задачи территорий, а финансирование проектов осуществляется только после независимой научно-технической экспертизы. Региональные конкурсы должны включать софинансирование местных исполнительных органов и/или бизнеса, внешний экспертный отбор, открытый реестр проектов, публичный мониторинг результатов и привязку к конкретным задачам развития регионов. Законодательно закрепить механизм интеграции казахстанской научной диаспоры и циркуляции мозгов, позволяющий казахстанским ученым, работающим в ведущих зарубежных университетах, лабораториях, компаниях и международных организациях, получать государственное финансирование на исследования выполняемые в зарубежной лаборатории, выступать соруководителями проектов, научными консультантами, экспертами, наставниками молодых ученых, руководителями зарубежных исследовательских узлов и партнерами отечественных научных организаций.

ПОЯСНЕНИЕ

Слабость действующей конкурсной системы состоит в том, что разные виды науки часто оцениваются по единой логике. Фундаментальное исследование нельзя оценивать так же, как прикладной технологический проект; молодого ученого так же, как руководителя устойчивой научной школы; региональную задачу только по публикационным метрикам; высокорисковую идею по требованию немедленного внедрения. Отличие реформы - переход от одного универсального конкурса к “экосистеме конкурсов”, где каждый тип научной деятельности получает собственные правила, сроки и критерии результата.

Это позволит отдельно выращивать фундаментальные идеи, прикладные технологии, молодых PI, региональные решения, инфраструктурные проекты и международные коллаборации. Сильная сторона реформы - соединение трех контуров: разнообразных грантов, региональной науки и циркуляции мозгов.

Региональная наука будет решать конкретные задачи территорий, но через независимую экспертизу, чтобы избежать административного распределения средств. Казахстанские ученые за рубежом будут рассматриваться не как утраченный ресурс, а как внешние точки роста отечественной науки - через соруководство, наставничество, экспертизу, совместные проекты и зарубежные исследовательские узлы Казахстана.

II. СИСТЕМНЫЙ УРОВЕНЬ | РЕФОРМА 6

Национальная программа научной инфраструктуры

ПОЛИТИЧЕСКОЕ ОБЯЗАТЕЛЬСТВО

Принять Национальную программу развития научной инфраструктуры как самостоятельное направление государственной поддержки науки, предусматривающее создание, модернизацию, обслуживание и коллективное использование лабораторий, приборных центров, биобанков, коллекций, национальных баз данных, цифровых платформ, вычислительных мощностей и исследовательских сервисов. Закрепить и реализовать отдельный режим финансирования полного жизненного цикла научной инфраструктуры: закуп оборудования, расходных материалов, программного обеспечения, сервисного обслуживания, ремонта, калибровки, инженерно-технического сопровождения и обновления приборной базы. Развить национальный цифровой реестр научной инфраструктуры с прозрачными правилами доступа для университетов, НИИ, молодых ученых, региональных исследовательских групп и научных консорциумов. Отдельным направлением программы должна стать цифровая трансформация науки: развитие национальной инфраструктуры научных данных, высокопроизводительных вычислений и искусственного интеллекта для исследований, цифровых исследовательских платформ, репозиториев и инструментов открытой науки. Доступ к современным вычислительным ресурсам, данным и цифровым инструментам должен рассматриваться наравне с доступом к лабораторному оборудованию как базовое условие конкурентоспособности современной науки.

ПОЯСНЕНИЕ

Ключевая слабость действующей системы состоит в том, что научные проекты финансируются отдельно, а инфраструктура, без которой невозможно выполнить качественное исследование, поддерживается несистемно. Оборудование может закупаться разово, но не всегда обеспечивается его обслуживание, ремонт, обновление, загрузка, доступность для других групп и наличие квалифицированного инженерного персонала. Отличие предлагаемой реформы является переход от разовых закупок к управлению полным жизненным циклом научной инфраструктуры.

Государство должно финансировать не только прибор, но и его работу: сервис, расходные материалы, инженеров, цифровой учет, коллективный доступ и регулярное обновление. Это позволит повысить качество исследований, сократить инфраструктурное неравенство между регионами и организациями, усилить подготовку PhD-кадров и повысить отдачу от государственных инвестиций в науку.

III. ИНСТИТУЦИОНАЛЬНЫЙ УРОВЕНЬ | РЕФОРМА 7

Динамический ранжированный реестр научных проектов для грантового финансирования

ПОЛИТИЧЕСКОЕ ОБЯЗАТЕЛЬСТВО

Внести изменения в Закон Республики Казахстан «О науке и технологической политике» и правила грантового финансирования, закрепив создание Динамического ранжированного реестра научных проектов на основе непрерывной подачи заявок и сквозной государственной научно-технической экспертизы. В связи с переходом к автоматизированному финансированию верхних проектов рейтинга в рамках регулярных бюджетных волн существенно трансформировать роль Национальных научных советов, сосредоточив их деятельность на стратегических функциями: обсуждении научных приоритетов, крупных научно-технических программ, анализе развития научных направлений и постпроектной оценке результатов.

ПОЯСНЕНИЕ

Сессионная конкурсная система заставляет учёных каждый раз заново проходить полный цикл подачи заявки, даже если проект уже получил высокую экспертную оценку, но не был профинансирован из-за ограниченного бюджета конкурса. Новая модель заменяет логику «конкурс - отсев - повторная подача» логикой накопления качественных научных идей: заявка подаётся в любое время, проходит предварительное административное сопровождение, независимую экспертизу, получает итоговый балл и занимает место в Динамическом ранжированном реестре научных проектов.

При этом формальная проверка должна стать сервисом сопровождения заявки, а не механизмом отсечения по техническим ошибкам. Экспертиза в этом случае должна проводиться по модели «3+2»: три независимых международных эксперта оценивают научную новизну, методологию и качество проекта, два национальных эксперта - реализуемость в условиях Казахстана, инфраструктурную обеспеченность, национальную значимость.

Заявка подается в любое время, а финансирование выделяется автоматически верхним строчкам реестра в рамках скользящего принципа бюджетирования, что исключает коррупционные риски и человеческий фактор.

Система дает ученому право в любой момент отозвать заявку, доработать её на основе замечаний и направить на повторный автоматический конвейер. Это кардинально снижает административный стресс в академической среде, превращая экспертизу из закрытой «машины отказа» в открытый цифровой инструмент выращивания национального интеллектуального потенциала.

III. ИНСТИТУЦИОНАЛЬНЫЙ УРОВЕНЬ | РЕФОРМА 8

Двухэтапная модель докторантуры: от университетской подготовки к научному проекту

ПОЛИТИЧЕСКОЕ ОБЯЗАТЕЛЬСТВО

Внедрить двухэтапную модель исследовательской докторантуры, предусматривающую: первый этап - прохождение обязательного образовательного компонента в университете с выдачей свидетельства о его завершении без присуждения степени PhD; второй этап - выполнение исследовательского компонента в рамках действующего проекта грантового или программно-целевого финансирования. Законодательно закрепить механизм выделения целевых PhD-грантов на исследовательский компонент через финансирование научных проектов и программам. Руководитель проекта/PI должен получить право отбирать докторанта в свою исследовательскую команду через прозрачную процедуру, а к соответствующему гранту или программе должны дополнительно выделяться фонд оплаты труда докторанта и единый базовый исследовательский бюджет. Закрепить право НИИ, национальных научных центров и иных аккредитованных научных организаций создавать диссертационные советы по соответствующим направлениям науки и принимать решения о присуждении степени PhD докторантам, завершившим образовательный компонент в университете и выполнившим исследовательский компонент в рамках научного проекта или программы.

ПОЯСНЕНИЕ

Действующая модель подготовки PhD-кадров в Казахстане сохраняет разрыв между докторантурой, научным финансированием и реальным исследовательским процессом. Докторант может обучаться в университете, но его диссертационная тема не всегда связана с действующим грантом, ПЦФ, лабораторией, научной группой, оборудованием, данными и исследовательским бюджетом. В результате PhD-подготовка нередко становится преимущественно образовательной траекторией, хотя по своей природе должна быть подготовкой самостоятельного исследователя.

Одновременно руководители действующих научных проектов, включая ученых НИИ и национальных научных центров, не имеют встроенного законодательного механизма привлечения докторантов в свои исследовательские группы. Это ослабляет качество диссертаций, преемственность научных школ и связь между государственными инвестициями в науку и подготовкой кадров. Предлагаемая модель устраняет этот разрыв. Университет отвечает за образовательный компонент, академические стандарты и методологическую подготовку.

Научный проект, НИИ, национальный научный центр, лаборатория или университетская исследовательская группа отвечают за исследовательский компонент: выполнение диссертации, доступ к инфраструктуре, данным, оборудованию, материалам, полевым исследованиям, публикациям и международным коллаборациям. Ключевой принцип реформы состоит в том, что грант на исследовательский компонент должен следовать за научным проектом и PI, а не только за образовательной программой вуза.

Докторант на втором этапе становится членом исследовательской команды, выполняет диссертационную работу в рамках конкретного научного проекта и получает не только образовательную подготовку, но и фонд оплаты труда, исследовательский бюджет и доступ к полноценной научной среде. Внедрение двухэтапной модели позволит связать подготовку PhD с реальными научными проектами, вернуть НИИ полноценную роль в подготовке кадров, дать PI инструмент формирования молодых исследовательских групп и повысить качество диссертаций.

Главный смысл реформы - перейти от модели “докторант отдельно, грант отдельно, НИИ отдельно” к модели “докторант - научный проект - PI - лаборатория - диссертационный результат”.

III. ИНСТИТУЦИОНАЛЬНЫЙ УРОВЕНЬ | РЕФОРМА 9

Национальная система научной этики, добросовестности и научно обоснованного риска

ПОЛИТИЧЕСКОЕ ОБЯЗАТЕЛЬСТВО

Закрепить на законодательном и подзаконном уровне Национальную систему научной этики, добросовестности исследований и научно обоснованного риска. Система должна включать Национальную комиссию по научной этике, единый кодекс научной добросовестности, минимальные стандарты работы этических комиссий и научных омбудсменов в университетах и НИИ, обязательное обучение исследователей, экспертов, докторантов и руководителей проектов, а также прозрачные процедуры рассмотрения нарушений, апелляции, защиты добросовестных ученых и предотвращения конфликтов интересов. Национальная комиссия по научной этике не должна подменять этические комиссии университетов и НИИ. Первичное рассмотрение вопросов научной этики должно осуществляться на уровне организаций, а Национальная комиссия должна выполнять функции методологического, координационного и апелляционного органа, рассматривать сложные и системные случаи, формировать единообразную практику и обеспечивать баланс между ответственностью за реальные нарушения и защитой ученых от необоснованного давления. Закрепить и реализовать в нормативных документах принцип научно обоснованного риска: добросовестный отрицательный результат, неподтверждение гипотезы, изменение методологии в ходе исследования или отсутствие немедленного внедрения не должны рассматриваться как нарушение при условии соблюдения научной этики, прозрачного учета данных, надлежащего использования средств и добросовестного выполнения проекта.

ПОЯСНЕНИЕ

Без работающей научной этики невозможно построить доверие к науке, снизить бюрократическое давление и расширить академическую свободу. Сегодня нарушения научной добросовестности связаны не только с недобросовестностью отдельных лиц, но и с искаженными стимулами самой системы: нереалистичными KPI, формальным давлением на публикации, завышенными требованиями к докторантам и ориентацией на количество статей вместо качества исследования.

Отличие реформы - это создание не карательного органа, а многоуровневой системы доверия: локальные комиссии и омбудсмены работают в университетах и НИИ, а Национальная комиссия обеспечивает стандарты, обучение, апелляцию и единообразную практику.

Сильная сторона реформы в том, что она одновременно повышает ответственность за реальные нарушения и защищает добросовестного ученого от репрессивного давления за честный научный риск, отрицательный результат или неподтвержденную гипотезу.

IV. ОБЩЕСТВЕННЫЙ УРОВЕНЬ | РЕФОРМА 10

Общенациональная инициатива «Ғылымды ел» — экология общественного сознания

ПОЛИТИЧЕСКОЕ ОБЯЗАТЕЛЬСТВО

Инициировать, реализовать и закрепить общенациональную инициативу «Ғылымды ел» как постоянный механизм формирования просвещённой нации, научного мышления, критической культуры и интеллектуальной безопасности Казахстана. Инициатива должна объединить государство, учёных, школы, университеты, регионы, бизнес, медиа и гражданское общество вокруг научно-общественного партнёрства, гражданской науки, сети научных музеев и центров, научной журналистики, работы учёных с молодёжью и защиты исследователей в публичном пространстве.

ПОЯСНЕНИЕ

«Ғылымды ел» должна стать для Казахстана не ведомственной программой популяризации науки, а общенациональной культурной инициативой нового поколения, сопоставимой по масштабу с «Таза Қазақстан»: если «Таза Қазақстан» формирует экологическую культуру страны, то «Ғылымды ел» должна формировать экологию общественного сознания — устойчивость граждан к псевдонауке, дезинформации, манипуляциям и технологической неграмотности. В эпоху искусственного интеллекта, гибридных информационных угроз и стремительного обновления технологий критическое мышление становится вопросом национальной безопасности.

Практическая реализация инициативы должна включать сеть интерактивных научных музеев и научных центров в регионах, мобильные научные лаборатории для школ и моногородов, ежегодные национальные дни науки, гражданские научные проекты по воде, экологии, здоровью, истории и технологиям, подготовку учёных к публичной коммуникации, поддержку научной журналистики и протоколы защиты исследователей от онлайн-преследования.

Такая модель переводит науку из ведомственного сектора в пространство общественного доверия, где знания, доказательства и отечественная научная экспертиза становятся частью повседневной культуры нового поколения и фактором интеллектуального суверенитета Казахстана.

I. ҰЛТТЫҚ ДЕҢГЕЙ | РЕФОРМА 1

Құрылтайда Ғылым жөніндегі ұлттық баяндаманы жыл сайын қарау

САЯСИ МІНДЕТТЕМЕ

Қазақстан Республикасы Құрылтайының пленарлық отырысында Ғылым жөніндегі ұлттық баяндаманы жыл сайын қарауды заңнамалық тұрғыдан бекіту қажет. Бұл процеске Үкімет, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясы, салалық министрліктер, бизнес және ғылыми қауымдастық қатысуы тиіс. Қарау қорытындысы бойынша Құрылтай Үкіметке берілетін тапсырмаларды, оларды орындау мерзімдерін, жауапты мемлекеттік органдарды және келесі Ғылым жөніндегі ұлттық баяндамаға дейін ұсынымдардың орындалуы туралы міндетті жария есеп беруді көздейтін қаулы қабылдайды.

ТҮСІНДІРМЕ

Ғылым жөніндегі ұлттық баяндама формалды аналитикалық жарияланым емес, елдің ғылыми-технологиялық дамығаны үшін мемлекеттің жауапкершілігін бекітетін жыл сайынғы тетікке айналуы тиіс. Оны Құрылтайда қарау ғылыми саясатты бюджетпен, салалық стратегиялармен, өңірлік дамумен, инновациялармен және мемлекеттік басқару сапасымен байланыстыруға мүмкіндік береді.

Үкімет ғалымдардың қай ұсынымдары мемлекеттік шешімдерде ескерілгенін, қандай ғылыми басымдықтар қаржыландырылғанын, қандай нәтижелерге қол жеткізілгенін және жекелеген мақсаттардың не себепті орындалмағанын қоғам алдында ашық көрсетуге міндетті болады. Мұндай тетік ғылымды ведомстволық сала шеңберінен шығарып, ұлттық күн тәртібінің маңызды мәселесіне, парламенттік бақылаудың нысанына және Қазақстанның зияткерлік егемендігін нығайтудың негізгі бағыттарының біріне айналдырады.

I. ҰЛТТЫҚ ДЕҢГЕЙ | РЕФОРМА 2

Мемлекеттік шешімдерді ғылыми дәлелдер негізінде сараптау

САЯСИ МІНДЕТТЕМЕ

Құқықтық актілер және мемлекеттік жоспарлау саласындағы заңнамаға өзгерістер енгізіп, ұлттық қауіпсіздік, денсаулық сақтау, білім беру, экология, су ресурстары, энергетика, өнеркәсіп, цифрландыру, жасанды интеллект және технологиялық даму мәселелерін қозғайтын заң жобаларына, ұлттық жобаларға және мемлекеттік бағдарламаларға ғылыми дәлелдерге негізделген қорытындыны міндетті түрде қоса беруді заңнамалық тұрғыдан бекіту қажет. Мұндай қорытындыларды дайындау процесін Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясы тәуелсіз ғылыми консорциумдарды, университеттерді, ғылыми-зерттеу институттарын және салалық сарапшыларды тарта отырып үйлестіруі тиіс.

ТҮСІНДІРМЕ

Ғылым мемлекеттік қолдаудың жай ғана объектісі емес, мемлекеттік басқарудың сапасы мен қауіпсіздігін арттырудың стратегиялық құралы болуы тиіс. Шешім қабылдаудың ашықтығына қатысты озық халықаралық стандарттарды басшылыққа ала отырып, Қазақстан ғылыми дәлелдерге негізделген саясат моделіне көшуі қажет.

Ғылыми дәлелдер базасы туралы әрбір мәлімдеме міндетті түрде мынадай элементтерді қамтуы тиіс: верификациядан өткен деректер массивтері, баламалы ғылыми ұстанымдар, ұзақ мерзімді тәуекелдер; сондай-ақ қаржылық жоспарлаудың халықаралық стандарттарына сәйкес ғылыми белгісіздік аймақтарын нақты айқындауы керек. Жасанды интеллекттің қарқынды дамуы, климаттық және демографиялық дағдарыстар дәуірінде басқарушылық қателіктің құны тым жоғары.

Жаңа құқықтық сүзгі стратегиялық шешімдердің сапасын арттырып, олардың ғылыми негізділігін, ұзақ мерзімді тәуекелдерін және ұлттық мүдделерге сәйкестігін алдын ала тексеруді қамтамасыз етеді, осылайша Қазақстанның зияткерлік егемендігін нығайтады.

I. ҰЛТТЫҚ ДЕҢГЕЙ | РЕФОРМА 3

Миссияға бағдарланған ғылыми-технологиялық мемлекеттік тапсырыстар

САЯСИ МІНДЕТТЕМЕ

Қазақстан Республикасының «Ғылым және технологиялық саясат туралы» Заңына өзгерістер енгізіп, ұлттық қауіпсіздік пен қорғаныс салалары үшін бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруды конкурстан тыс мақұлдау жөніндегі қолданыстағы норманы мемлекеттік маңызы айрықша миссияға бағдарланған ғылыми-технологиялық міндеттерге де қолдануды кеңейту қажет. Мұндай міндеттер Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясының ғылыми қорытындысы, миссия паспорты, ғылыми-технологиялық және инновациялық құзыреттердің Ұлттық картасы, кезең-кезеңімен жүргізілетін TRL-бағалау және нәтижелерді енгізудің міндетті тетігі негізінде Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның шешімімен мақұлдануы мүмкін.

ТҮСІНДІРМЕ

Миссияға бағдарланған инновациялық саясаттың халықаралық тәжірибесі, оның ішінде Сингапурдың табысты үлгілері мен АҚШ-тағы DARPA агенттігінің тәжірибесі, су, биологиялық, энергетикалық, азық-түлік, климаттық, цифрлық және технологиялық қауіпсіздік деңгейіндегі міндеттерді шешу үшін мемлекеттің стратегиялық тапсырыс беруші ретінде әрекет етуі қажет екенін көрсетеді. Мемлекет миссияны тұжырымдап, проблеманың жауапты иесін айқындауы, құзыретті орындаушылар портфелін қалыптастыруы және зерттеулерден бастап нәтижелерді енгізуге дейінгі барлық кезеңдерді қаржыландыруы тиіс.

XXI ғасырдағы ұлттық қауіпсіздік таза әскери сектор шеңберінен әлдеқайда асып түсті - инфраструктураның сыни тозуы, құрғақшылық немесе эпидемиялар егемендікке елеулі қатер төндіреді әрі соған сай жұмылдыру шараларын талап етеді.

Сондықтан ұсынылып отырған реформа конкурстарды жалпы қағида ретінде жоймайды, керісінше мемлекеттік маңызы айрықша міндеттер үшін ерекше миссиялық тәртіп қалыптастырады: министрліктер мен әкімдіктер жыл сайын миссиялық міндеттерді әзірлеуге міндетті болады, Ұлттық ғылым академиясы ғылыми валидация жүргізіп, оларды Құзыреттердің ұлттық картасымен салыстырады, ал Жоғары ғылыми-техникалық комиссия конкурстан тыс мақұлдау туралы шешім қабылдайды.

Бұл ретте бюджет қаражатының қауіпсіздігі сыбайлас жемқорлыққа қарсы қатаң сүзгілер арқылы қамтамасыз етіледі: қаржыландыру технологиялық дайындық деңгейіне сәйкес жүргізілетін кезеңдік халықаралық TRL-бағалауға байланыстырылған транштарға бөлінеді.

II. ЖҮЙЕЛІК ДЕҢГЕЙ | РЕФОРМА 4

Ғылыми мансапты базалық қаржыландыру

САЯСИ МІНДЕТТЕМЕ

Қазақстан Республикасының «Ғылым және технологиялық саясат туралы» Заңына ғалымдарды тікелей қаржыландырудың ғылыми мансапқа бағдарланған тетігін ғылымды базалық қаржыландырудың дербес құрамдас бөлігі ретінде енгізу қажет. Бұл тетік кәсіби өсу сатылары бойынша орта мерзімді мемлекеттік ғылыми келісімшарттарды көздеуі тиіс: жас ғалым, дербес зерттеуші, жас ғылыми топ жетекшісі, орнықты ғылыми топ жетекшісі, жетекші ғалым/ғылыми мектеп жетекшісі. Бұл тетік жобалық инвестициялаудың қолданыстағы моделін толықтырып, ғалымдарға кепілдендірілген еңбекақы қорын, зерттеу бюджетін, ғылыми ұтқырлықты, біліктілікті арттыруды және ғылыми топтарды дамытуды қамтамасыз етуі, сондай-ақ келесі мансап сатысына өту үшін нәтижелерді тәуелсіз бағалауды көздеуі тиіс.

ТҮСІНДІРМЕ

Ғалымдар - елдің адам капиталы ең жоғары деңгейде шоғырланған тобы. Алайда бүгінде олардың кәсіби траекториясы көбіне бір реттік гранттық конкурстарға тәуелді.

Зерттеуші бірнеше жыл сайын өтінімдер беру арқылы өз жұмысын жалғастыру құқығын қайта дәлелдеуге мәжбүр болатын жобалық қаржыландыру моделінен айырмашылығы, ғылыми тәжірибесі мен жаңа идеялары мықты болғанына қарамастан қаржыландырудан айырылып қалуы мүмкін жағдайда, мансаптық келісімшарттар тұрақтылықтың тұтас пакетін қалыптастырады: кепілдендірілген еңбекақы қоры, нысаналы зерттеу бюджеті, халықаралық ұтқырлыққа, материалдар сатып алуға, біліктілікті арттыруға және ғылыми топты дамытуға арналған қаражат.

Бұл модель гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруды алмастырмайды, оны білімнің негізгі иесі - ғалымның, оның командасы мен ғылыми мектебінің өзіне тікелей инвестиция салудың жаңа бағытымен толықтырады. Мемлекет зерттеушіге ұзақ мерзімді жоспарлау көкжиегін, академиялық еркіндікті және сенім презумпциясын береді. Сонымен бірге ғалымның мансап сатысына сәйкес келетін нәтижелер үшін өлшенетін дербес жауапкершілікті бекітеді.

Мұндай нәтижелерге жарияланымдар, технологиялар, енгізу, кадрлар даярлау, халықаралық ғылыми ынтымақтастық, сыртқы қаржыландыруды тарту және ғылыми мектеп қалыптастыру жатады.

II. ЖҮЙЕЛІК ДЕҢГЕЙ | РЕФОРМА 5

Әртараптандырылған гранттар жүйесі, өңірлік ғылым және ғылыми кадрлар айналымы

САЯСИ МІНДЕТТЕМЕ

Ғылыми конкурстардың әртараптандырылған жүйесін енгізу қажет. Бұл жүйеде зерттеулердің әртүрлі түрлері әртүрлі қағидалар, мерзімдер, бюджеттер және бағалау өлшемдері бойынша қаржыландырылуы тиіс: іргелі ғылым, қолданбалы зерттеулер, пәнаралық жобалар, тәуекелі жоғары серпінді идеялар, жас ғалымдар, ғылыми инфрақұрылым, өңірлік міндеттер, халықаралық ғылыми ынтымақтастық және шетелде жұмыс істейтін қазақстандық ғалымдар қатысатын жобалар. Әкімдіктер, өңірлік университеттер, ғылыми-зерттеу институттары, бизнес және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясы аумақтардың ғылыми-технологиялық міндеттерін бірлесіп қалыптастыратын өңірлік ғылыми бағдарламалар тетігін бекіту қажет. Жобалар тәуелсіз ғылыми-техникалық сараптамадан өткеннен кейін ғана қаржыландырылуы тиіс. Өңірлік конкурстар жергілікті атқарушы органдардың және/немесе бизнестің қоса қаржыландыруын, сыртқы сарапшылардың іріктеуін, жобалардың ашық тізілімін, нәтижелерге жария мониторинг жүргізуді және жобаларды өңірлерді дамытудың нақты міндеттерімен байланыстыруды қамтуы керек. Қазақстандық ғылыми диаспораны және ғылыми кадрлар айналымын интеграциялау тетігін заңнамалық тұрғыдан бекіту қажет. Бұл тетік жетекші шетелдік университеттерде, зертханаларда, компаниялар мен халықаралық ұйымдарда жұмыс істейтін қазақстандық ғалымдарға шетелдегі зертханаларда орындалатын зерттеулерге мемлекеттік қаржыландыру алуға, жобалардың тең жетекшілері, ғылыми консультанттар, сарапшылар, жас ғалымдардың тәлімгерлері, шетелдегі зерттеу тораптарының жетекшілері және отандық ғылыми ұйымдардың серіктестері ретінде қатысуға мүмкіндік беруі тиіс.

ТҮСІНДІРМЕ

Қолданыстағы конкурстық жүйенің әлсіздігі - ғылымның әртүрлі бағыттары көбіне бір ғана логика бойынша бағаланады. Іргелі зерттеуді қолданбалы технологиялық жоба сияқты бағалауға болмайды; жас ғалымды орныққан ғылыми мектеп жетекшісімен бірдей өлшеммен салыстыруға болмайды; өңірлік міндетті тек жарияланым көрсеткіштері арқылы бағалау дұрыс емес; тәуекелі жоғары идеядан нәтижені бірден енгізу талап етілмеуі тиіс. Реформаның ерекшелігі - бір әмбебап конкурстан «конкурстар экожүйесіне» көшу.

Бұл модельде ғылыми қызметтің әрбір түрі өзіне тән қағидаларға, мерзімдерге және нәтижелерді бағалау өлшемдеріне ие болады. Мұндай тәсіл іргелі идеяларды, қолданбалы технологияларды, жас жоба жетекшілерін, өңірлік шешімдерді, инфрақұрылымдық жобаларды және халықаралық ғылыми ынтымақтастықты жеке бағыттар ретінде дамытуға мүмкіндік береді. Реформаның маңызды артықшылығы - үш бағытты: әртараптандырылған гранттарды, өңірлік ғылымды және ғылыми кадрлар айналымын өзара байланыстыруы.

Өңірлік ғылым аумақтардың нақты міндеттерін шешетін болады, алайда қаражатты әкімшілік жолмен бөлуден аулақ болу үшін бұл процесс тәуелсіз сараптама арқылы жүзеге асырылуы тиіс. Шетелдегі қазақстандық ғалымдар жоғалған ресурс ретінде емес, отандық ғылымның сыртқы өсу нүктелері ретінде қарастырылуы керек. Бұған жобаларға тең жетекшілік ету, тәлімгерлік, сараптама, бірлескен зерттеулер және Қазақстанның шетелдегі зерттеу тораптары арқылы қол жеткізуге болады.

II. ЖҮЙЕЛІК ДЕҢГЕЙ | РЕФОРМА 6

Ғылыми инфрақұрылымды дамытудың ұлттық бағдарламасы

САЯСИ МІНДЕТТЕМЕ

Ғылыми инфрақұрылымды дамытудың ұлттық бағдарламасын ғылымды мемлекеттік қолдаудың дербес бағыты ретінде қабылдау қажет. Бағдарлама зертханаларды, аспаптық орталықтарды, биобанктерді, коллекцияларды, ұлттық деректер базаларын, цифрлық платформаларды, есептеу қуаттарын және зерттеу қызметтерін құруды, жаңғыртуды, қызмет көрсетуді және ұжымдық пайдалануды көздеуі тиіс. Ғылыми инфрақұрылымның толық өмірлік цикліне арналған жеке қаржыландыру тәртібін бекітіп, іске асыру қажет. Ол жабдықтарды, шығыс материалдарын және бағдарламалық қамтамасыз етуді сатып алуды, сервистік қызмет көрсетуді, жөндеуді, калибрлеуді, инженерлік-техникалық сүйемелдеуді және аспаптық базаны жаңартуды қамтуы тиіс. Университеттер, ғылыми-зерттеу институттары, жас ғалымдар, өңірлік зерттеу топтары және ғылыми консорциумдар үшін қолжетімділіктің ашық қағидалары белгіленген ғылыми инфрақұрылымның ұлттық цифрлық тізілімін дамыту қажет. Бағдарламаның жеке бағыты ғылымды цифрлық трансформациялауға арналуы тиіс. Бұл бағыт ғылыми деректердің ұлттық инфрақұрылымын, зерттеулерге арналған жоғары өнімді есептеулер мен жасанды интеллектті, цифрлық зерттеу платформаларын, репозиторийлерді және ашық ғылым құралдарын дамытуды қамтуы қажет. Заманауи есептеу ресурстарына, деректерге және цифрлық құралдарға қолжетімділік зертханалық жабдықтарға қолжетімділікпен қатар қазіргі ғылымның бәсекеге қабілеттілігінің базалық шарты ретінде қарастырылуы тиіс.

ТҮСІНДІРМЕ

Қолданыстағы жүйенің негізгі әлсіздігі - ғылыми жобалар жеке-жеке қаржыландырылады, ал сапалы зерттеу жүргізу мүмкін емес ғылыми инфрақұрылым жүйесіз қолдау табады. Жабдық бір рет сатып алынуы мүмкін, алайда оған сервистік қызмет көрсету, жөндеу, жаңарту, тиімді пайдалану, басқа зерттеу топтары үшін қолжетімділік және білікті инженерлік персонал әрдайым қамтамасыз етіле бермейді. Ұсынылып отырған реформаның ерекшелігі - бір реттік сатып алулардан ғылыми инфрақұрылымның толық өмірлік циклін басқаруға көшу.

Мемлекет тек аспаптың өзін ғана емес, оның жұмыс істеуін де қаржыландыруы тиіс: сервистік қызметті, шығыс материалдарын, инженерлерді, цифрлық есеп жүргізуді, ұжымдық қолжетімділікті және тұрақты жаңартуды. Бұл зерттеулердің сапасын арттыруға, өңірлер мен ұйымдар арасындағы инфрақұрылымдық теңсіздікті азайтуға, PhD кадрларын даярлауды күшейтуге және ғылымға салынған мемлекеттік инвестициялардың қайтарымын арттыруға мүмкіндік береді.

III. ИНСТИТУЦИОНАЛДЫҚ ДЕҢГЕЙ | РЕФОРМА 7

Гранттық қаржыландыруға арналған ғылыми жобалардың динамикалық рейтингтік тізілімі

САЯСИ МІНДЕТТЕМЕ

Қазақстан Республикасының «Ғылым және технологиялық саясат туралы» Заңына және гранттық қаржыландыру қағидаларына өзгерістер енгізіп, өтінімдерді үздіксіз беру және жобаларды толық қамтитын мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама негізінде ғылыми жобалардың динамикалық рейтингтік тізілімін құруды бекіту қажет. Рейтингтің жоғарғы орындарындағы жобаларды бюджеттік қаржыландырудың тұрақты кезеңдері шеңберінде автоматтандырылған түрде қаржыландыруға көшуге байланысты Ұлттық ғылыми кеңестердің рөлін түбегейлі өзгерту қажет. Олардың қызметі стратегиялық функцияларға шоғырлануы тиіс: ғылыми басымдықтарды, ірі ғылыми-техникалық бағдарламаларды талқылау, ғылыми бағыттардың даму барысын талдау және жобадан кейінгі нәтижелерді бағалау.

ТҮСІНДІРМЕ

Сессиялық конкурстар жүйесі ғалымдарды әр жолы өтінім берудің толық циклінен қайта өтуге мәжбүрлейді. Бұл жоба сарапшылар тарапынан жоғары бағаланғанымен, конкурс бюджетінің шектеулі болуына байланысты қаржыландырылмаған жағдайда да орын алады. Жаңа модель «конкурс - іріктеп шығару - қайта өтінім беру» логикасын сапалы ғылыми идеяларды жинақтау логикасымен алмастырады: өтінім кез келген уақытта беріледі, алдын ала әкімшілік сүйемелдеуден және тәуелсіз сараптамадан өтеді, қорытынды балл алады және ғылыми жобалардың динамикалық рейтингтік тізілімінен орын алады.

Бұл ретте формалды тексеру техникалық қателерге байланысты өтінімді алып тастау тетігі емес, өтінімді сүйемелдеу қызметіне айналуы тиіс. Сараптама «3+2» моделі бойынша жүргізілуі керек: үш тәуелсіз халықаралық сарапшы жобаның ғылыми жаңалығын, әдіснамасын және сапасын бағалайды, ал екі ұлттық сарапшы оның Қазақстан жағдайындағы іске асырылуын, инфрақұрылыммен қамтамасыз етілуін және ұлттық маңызын бағалайды.

Өтінім кез келген уақытта беріледі, ал қаржыландыру жылжымалы бюджетирование қағидаты шеңберінде тізілімдегі жоғарғы орындарындағы жобаларға автоматты түрде бөлінеді.

Бұл сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мен адам факторын азайтады. Ғалым өтінімді кез келген уақытта кері қайтарып алуға, ескертулер негізінде оны жетілдіруге және қайтадан автоматтандырылған бағалау үдерісіне жіберуге құқылы болады. Бұл академиялық ортадағы әкімшілік қысымды едәуір азайтып, сараптаманы жабық «бас тарту машинасынан» ұлттық зияткерлік әлеуетті қалыптастыратын ашық цифрлық құралға айналдырады.

III. ИНСТИТУЦИОНАЛДЫҚ ДЕҢГЕЙ | РЕФОРМА 9

Ғылыми этика, ғылыми адалдық және ғылыми негізделген тәуекелдің ұлттық жүйесі

САЯСИ МІНДЕТТЕМЕ

Заңнамалық және заңға тәуелді нормативтік деңгейде ғылыми этика, ғылыми адалдық және ғылыми негізделген тәуекелдің ұлттық жүйесін бекіту қажет. Бұл жүйе Ғылыми этика жөніндегі ұлттық комиссияны, ғылыми адалдықтың бірыңғай кодексін, университеттер мен ғылыми-зерттеу институттарындағы этикалық комиссиялар мен ғылыми омбудсмендер жұмысының ең төменгі стандарттарын, зерттеушілерді, сарапшыларды, докторанттар мен жоба жетекшілерін міндетті түрде оқытуды, сондай-ақ бұзушылықтарды қараудың, апелляция берудің, адал ғалымдарды қорғаудың және мүдделер қақтығысының алдын алудың ашық рәсімдерін қамтуы тиіс. Ғылыми этика жөніндегі ұлттық комиссия университеттер мен ғылыми-зерттеу институттарындағы этикалық комиссиялардың орнын алмастырмауы тиіс. Ғылыми этика мәселелерін бастапқы қарау ұйымдар деңгейінде жүзеге асырылуы керек. Ал Ұлттық комиссия әдіснамалық, үйлестіруші және апелляциялық органның функцияларын атқарып, күрделі әрі жүйелі жағдайларды қарауы, бірыңғай практиканы қалыптастыруы және нақты бұзушылықтар үшін жауапкершілік пен ғалымдарды негізсіз қысымнан қорғау арасындағы тепе-теңдікті қамтамасыз етуі тиіс. Ғылыми негізделген тәуекел қағидатын нормативтік құжаттарда бекітіп, іске асыру қажет. Ғылыми адалдық сақталған, деректер ашық есепке алынған, қаражат тиісті түрде пайдаланылған және жоба адал орындалған жағдайда, алынған теріс нәтиже, гипотезаның расталмауы, зерттеу барысында әдіснаманың өзгеруі немесе нәтижелердің бірден енгізілмеуі бұзушылық ретінде қаралмауы тиіс.

ТҮСІНДІРМЕ

Жұмыс істейтін ғылыми этика жүйесінсіз ғылымға деген сенімді қалыптастыру, бюрократиялық қысымды азайту және академиялық еркіндікті кеңейту мүмкін емес. Бүгінде ғылыми адалдықтың бұзылуы жекелеген адамдардың адал еместігімен ғана емес, жүйенің өзіндегі бұрмаланған ынталандырулармен де байланысты. Оларға шынайы емес KPI көрсеткіштері, жарияланымдарға қатысты формалды қысым, докторанттарға қойылатын шамадан тыс талаптар және зерттеу сапасының орнына мақалалар санына бағдарлану жатады.

Реформаның ерекшелігі - жазалаушы орган емес, көпдеңгейлі сенім жүйесін құру. Жергілікті комиссиялар мен омбудсмендер университеттер мен ғылыми-зерттеу институттарында жұмыс істейді, ал Ұлттық комиссия стандарттарды, оқытуды, апелляцияны және бірыңғай практиканы қамтамасыз етеді.

Реформаның маңызды артықшылығы - ол нақты бұзушылықтар үшін жауапкершілікті арттырумен қатар, адал ғылыми тәуекел, теріс нәтиже немесе расталмаған гипотеза үшін адал ғалымды жазалаушы қысымнан қорғайды.

IV. ҚОҒАМДЫҚ ДЕҢГЕЙ | РЕФОРМА 10

«Ғылымды ел» жалпыұлттық бастамасы — қоғамдық сананың экологиясы

САЯСИ МІНДЕТТЕМЕ

«Ғылымды ел» жалпыұлттық бастамасын білімді ұлтты, ғылыми ойлауды, сыни мәдениетті және Қазақстанның зияткерлік қауіпсіздігін қалыптастырудың тұрақты тетігі ретінде бастау, іске асыру және институционалдық тұрғыдан бекіту қажет. Бастама ғылыми-қоғамдық әріптестік, азаматтық ғылым, ғылыми музейлер мен орталықтар желісі, ғылыми журналистика, ғалымдардың жастармен жұмысы және зерттеушілерді қоғамдық кеңістікте қорғау бағыттары бойынша мемлекетті, ғалымдарды, мектептерді, университеттерді, өңірлерді, бизнесті, медианы және азаматтық қоғамды біріктіруі тиіс.

ТҮСІНДІРМЕ

«Ғылымды ел» Қазақстан үшін ғылымды танымал етудің ведомстволық бағдарламасы емес, ауқымы жағынан «Таза Қазақстанмен» салыстыруға болатын жаңа буынның жалпыұлттық мәдени бастамасына айналуы тиіс. Егер «Таза Қазақстан» елдің экологиялық мәдениетін қалыптастырса, «Ғылымды ел» қоғамдық сананың экологиясын қалыптастыруы керек. Бұл азаматтардың псевдоғылымға, дезинформацияға, манипуляцияларға және технологиялық сауатсыздыққа төтеп беру қабілетін білдіреді. Жасанды интеллект, гибридті ақпараттық қатерлер және технологиялардың жылдам жаңаруы дәуірінде сыни ойлау ұлттық қауіпсіздік мәселесіне айналып отыр.

Бастаманы іс жүзінде іске асыру өңірлерде интерактивті ғылыми музейлер мен ғылыми орталықтар желісін, мектептер мен моноқалаларға арналған мобильді ғылыми зертханаларды, жыл сайынғы Ұлттық ғылым күндерін, су, экология, денсаулық, тарих және технологиялар бойынша азаматтық ғылым жобаларын, ғалымдарды қоғаммен ашық коммуникация жасауға даярлауды, ғылыми журналистиканы қолдауды және зерттеушілерді онлайн қудалаудан қорғау хаттамаларын қамтуы тиіс.

Мұндай модель ғылымды ведомстволық сектордан қоғамдық сенім кеңістігіне шығарады. Бұл кеңістікте білім, дәлелдер және отандық ғылыми сараптама жаңа ұрпақтың күнделікті мәдениетінің бір бөлігіне әрі Қазақстанның зияткерлік егемендігінің факторына айналады.

ЗАКЛЮЧЕНИЕ

Создать в Казахстане научную систему

«Будущее создаётся там, где общество доверяет научной мысли, государство бережёт идеи, учёные служат истине, а знание становится силой прогресса.»

Создать в Казахстане научную систему, в которой сильная идея получает шанс, честный ученый получает доверие, молодой исследователь получает траекторию роста, научная школа получает устойчивость, государство получает доказательную экспертизу, а общество получает знания, технологии и уверенность в будущем.

МАНИФЕСТ ИНИЦИИРОВАН ПРОФЕССОРОМ МАКСАТОМ ЖАБАГИНЫМ

Подготовлено совместно с редакционной группой учёных: Абельденов Сайлау, Ермухамбетова Асия, Джунисбаев Алмас, Тебаев Дидар, Токтаров Ермек, Хасенов Муслим.

ҚОРЫТЫНДЫ

Қазақстанда ғылыми жүйе құру

«Болашақ қоғам ғылыми ойға сенім білдіретін, мемлекет ғылыми идеяны сақтай алатын, ғалымдар ақиқатқа қызмет ететін, ал білім прогресс күшіне айналған жерде жасалады.»

Қазақстанда мықты идеяның жүзеге асуына мүмкіндік берілетін, адал ғалым сенімге ие болатын, жас зерттеуші өсу траекториясына ие болатын, ғылыми мектептің орнықтылығы қамтамасыз етілетін, мемлекет ғылыми дәлелдерге негізделген сараптама алатын, ал қоғам білім мен технологияларға, сондай-ақ болашаққа деген сенімге ие болатын ғылыми жүйе құру.

МАНИФЕСТ ПРОФЕССОР ЖАБАГИН МАКСАТТЫҢ БАСТАМАСЫМЕН ӘЗІРЛЕНДІ

Келесі ғалымдардан құралған редакциялық топпен бірлесіп дайындалды: Абельденов Сайлау, Ермухамбетова Асия, Жүнісбаев Алмас, Тебаев Дидар, Токтаров Ермек, Хасенов Муслим.

Қазақ тіліндегі редакцияға атсалысқан Жүнісбаев Алмас пен Лайсханов Шахислам.